Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам оқ атып, ауыл тұрғындарын қорқытқан

Алматы облысында ер адам аспанға оқ атып, тұрғындарды қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Ер адамның әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті.  Видеода Іргелі ауылының тұрғындары "Көкдала қызмет" ЖШС беретін судың сапасына көңілдері толмай, оның қызметінен бас тартқанын түсіндіріледі. Қазір бұл қызметтерді “Таусамалы” көрсетеді.

Полицейлер қару қолдану фактісі 12 қыркүйекте Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлады.

Полиция департаменті атап өткендей, "Таусамалы қызмет" мемлекеттік кәсіпорнының жөндеушілері ауыл тұрғындарымен бірге резервуарларды толтыру үшін қосымша су көзін тартуға тырысқан. Алайда бұрынғы қызмет көрсетуші "Көкдала қызмет" ЖШС директоры наразылығын білдірді. Артынша 45 жастағы ер адам газ тапаншасынан аспанға бірнеше рет оқ атып, тұрғындарды қорқытқан. 

"Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, иесі одан әрі іс жүргізу үшін аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ер адам “Қаруды заңсыз қолдану” бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау