Алматы облысында эпидахуал нашарлады
Алматы облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлай түсуде, өңір "қызыл" аймақта. Бұл туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша, Ескелді мен Талғар ауданы, Текелі мен Талдықорған қаласы "қызыл" аймақта, Іле, Қаратал аудандары "сары" аймақта, қалған қалалар мен аудандар "жасыл" аймақта.
2020 жылдың наурыз айынан бері КВИ-дің 29 872 лабораториялық расталған жағдайы тіркелді. Олардың 19 167-сі – симптоммен. Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,4%-дан 0,6%-ға артты.
Негізінен, КВИ және "Дельта" вакциналанбаған тұрғындар арасында тіркелген, бұл вакцинацияның тиімділігі жоғары екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 513 109 адам егілді, екінші компонент 291 549 адамға салынды. Вакциналанғандар саны бойынша педагогтар (37 594) және медицина қызметкерлері (23 167) көш бастап тұр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”