Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Алматы облысы Қызыл-Қайрат ауылында екі жасар сәби суға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға жайлы @kris_p_talgar паблигі Талғар аудандық ТЖБ-ға сілтеме жасап хабарлады.
21 мамыр күні сағат 16:00 шамасында бала жеке тұрғын үй ауласынан жоғалып кеткен. Туыстары баланы іздеп таба алмаған. 18:15-те көмек сұраған. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар мен кинологтар келіп жетіп, сағат 19:20 шамасында сәбидің денесі Цыганка өзенінен табылды. Бала осы өзен маңында орналасқан үйде қонақта болған.
Сондай-ақ баланың ағыспен бір шақырым жерге дейін ағып барғаны атап өтілген. Көз жұмған сәби бір аптадан кейін екі жасқа толар еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған