Алматы облысында екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсіргені туралы ақпарат тарады
Желіде анонимді дереккөзден Қонаев қаласында екі полицияның қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды “Не молчи” қорының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сай, зорлық көрсеткендердің бірі – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі – күзет бойынша полиция қызметкері.
Екі полицей оқушы қызға істеген әрекеттерін видеоға түсіріп, басқаларға тартқан деген ақпарат бар. Ал оқиға басшылыққа жеткен кезде іс насырға шаппай тұрып екі қызметкер де оқиға күнінен бұрынғы датамен жұмыстан шығарылған.
Қордың айтуынша, бұл туралы бүкіл полиция бөлімі білсе де, үндемейді.
“Қыздың ата-анасы да үнсіз. Олардың бұл жағдайдан хабары болмауы мүмкін немесе олардың да үндемеуі үшін полиция келісіп қойған”, – делінген желідегі жазбада.
Осыған байланысты балалардың құқығын қорғау комитетінен Динара Закиева екі күдіктінің де қазір қамауға алынғанын хабарлады.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?