Алматы облысында екі балықшы суға батып кетті
Алматы облысындағы Деревянное көлінде 1973 және 1969 жылдары дүниеге келген екі балықшы суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"28 наурызда сағат 17:30-да Республикалық жедел құтқару тобының диспетчерлік бөліміне Ұйғыр ауданындағы Деревянное көлінде адамдардың суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1973 және 1969 жылдары туған балықшылар отырған қайық аударылып кеткен. Ер адамдар суға батып қаза тапты. Мәйіттердің бірін куәгерлер судан алып шыққан", - делінген Республикалық жедел құтқару тобының баспасөз қызметіндегілер.
Құтқару тобы оқиға орнына жеткен. Іздеу шараларының нәтижесінде түнде сүңгуірлер екінші ер адамның мәйітін тапқан.
Құтқарушылар қауіпсіздік техникасын сақтау керегін еске слады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған