Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мемлекет меншігіне қайтарылсын": Алматы облысында дәрігерлер наразылыққа шықты

Алматы облысында ақ халаттылар аурухананың жекенің қолына өтуіне наразы. Себебі жалақылары қысқарып, жұмыс керісінше көбейді дейді. Бұдан бөлек, жаппай қысқарту басталыпты. Жанайқайларына жергілікті билік құлақ аспағандықтан бүгін дәрігерлер жұмысқа бармай наразылыққа шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Дәрігерлер аурухана жекенің қолына өткеннен бастап жұмыстары алға баспағанын айтады. Айлықтары кешігіп, тіпті өздерінің қанша қаражат алатындарын да есептеуден қалған. 

“Жаяулап, жалпылап жаңбырға да қарамай барамыз. Жедел жәрдем көлігі деген жоқ мүлде. Скрининг өткен кезде қиналамыз. Мысалы, диспансерный есепте тұратын адамдарға дәрі-дәрмек мүлдем алып бере алмаймыз. Флюорографиялық машина да жоқ”, – дейді Қайнар ауылының фельдшері Ғалия Ибраимова. 

Тұрғындарды аудандық ауруханалардың дәрігерлеріне жазу үшін кемінде 10-15 күн бұрын қимылдау қажет екен. Ал шұғыл түскендеріне кестеден орын таппай қиналатындарын айтады. Бұдан бөлек медициналық порталды кезектесіп пайдалануға мәжбүр. 

“Біз МРТ мен КТ-ға жібере алмаймыз. Біресе рентгенография сынып қалады, біресе басқа жағдай болады. Біздің өзімізде Флюорографияға түсіру үшін Талғарға жібереміз. Сондықтан бізге халық тіркелгісі келмейді”, – дейді Панфилов ауылының фельдшері Ақбота Болатбай. 

Ақ халаттылар бұған дейін де бірнеше рет наразылықтарын білдірген. Десе де мәселенің шешілетін түрі жоқ. 

“Бізде көптеген ауылдарда және амбулоторияларда дәрігерлер жетіспейді. Сол себепті серіктес компаниялар жаңа 10 автокөлік сатып алуда. Олар жылдың аяғына дейін беріледі. Біз сіздердің логистикалық жолдарыңызды жеңілтедуге тырысып жатырмыз”, – дейді 

Басшылық заң аясында шаралар жүргізіліп жатқанын алға тартты. Ал сыйақы тегін емделген қаражат есебінен ғана берілетіндігін атап өтті. Алайда дәрігерлер аурухана қайтадан мемлекет меншігіне өтсе дейді. Сол үшін президент пен прокуратураға шағымданбақшы. 

Талқылау