Алматы облысында дәрігерлер ер адамның асқазанынан ас қасығын алды
Қонаев қаласындағы ауруханада хирургтар 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасығын алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әдетте адамның асқазан-ішек жолына бөтен зат түссе, дәрігерлер күту тактикасын ұстанады. Алайда мұндай жағдайда оларға эндоскопиялық жоюға жүгінуге тура келген.
"Уақтылы диагноз қойылмаса, қабыну үдерісі, бөгде дененің айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, миграциясы, сонымен қатар өлімге әкелетін перитонитпен ішек өтімсіздігі немесе перфорацияның пайда болуы мүмкін еді", - деп түсіндірді аурухана хирургы Тахир Шкуралиев.
Қазіргі уақытта науқас өзін жақсы сезінеді. Ол қасықты ағзасына әдейі енгізгенін мойындайды.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланың өмірін аман алып қалған болатын.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген