Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында биыл 11-сыныпты 14 222 түлек аяқтайды

Алматы облысы бойынша 11-сыныпты 14 222 түлек аяқтайды. Оның ішінде 948 оқушы "Алтын белгі", 1206 оқушы "Үздік аттестат" үміткерлері.

24 мамырда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылын қорытындылау үшін "Білімім – Отаныма!" атты жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.

"Мектебім, саған мың алғыс!" тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы өткізілді.

Бүгінгі күнде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 11 540 бала тіркелді. Алматы облысында 3 тест тапсыру орталықтары қызмет атқарады.

Алматы облысында жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын сапалы ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.

Жазғы кезеңде 320 464 оқушының 272 861-ін (85%) жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарланып отыр.

Жекелеген санаттарындағы 3647 баланың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру үшін облыстық бюджеттен 474,1 млн. теңге бөлінді.

Демеушілер есебінен 18,0 млн. теңге 120 баланы сауықтыру шараларымен қамту жоспарланды.

Сонымен қатар, "Қазақстан Халқына" қорынан 2421 баланың демалуын ұйымдастыруға облыстағы 4 лагерьге жолдама берілді.

Жалпы облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру лагері бар (оның ішінде мемлекеттік – 2, жекеменшік – 18). Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь жұмысын бастайды деп жоспарлануда.

Аталған мәселе қатаң бақылуға алынған, іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіледі.

Талқылау