Басты жаңалықтар
Алматы облысында бастауыш оқушысы аспирин ішіп, өзіне қол салмақ болған – оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді
Алматы облысының Бесағаш ауылында өзіне қол жұмсамақ болған оқушының жағдайына қатысты оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан кадр
Министрлік бұл жағдай бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Ведомство балалардың құқығын қорғау комитетінің бақылауында екенін де мәлімдеді.
"Осы жағдай бойынша жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мен Алматы облысының білім басқармасының басшылығы шұғыл түрде бала оқитын мектепке аттанды", – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, ұл бала құрдастары тарапынан көрсетілген буллингтен кейін суицид жасауға бел буған.
Еске сала кетейік, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында төртінші сынып оқитын бала қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алғаны туралы жазған болатынбыз.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған