Қонжығын қорғамақшы болған: Алматы облысында аю Ресей азаматын талап өлтірді
Жабайы аю Алматы облысының Алакөл ауданында Ресей азаматын қатты жаралаған: ер адам алған жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тентек көліне жақын жерде болған қайғылы оқиға туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы таныстарымен бірге Тентек көліне балық аулауға шықты. Ер адам борсықты көріп, оның артынан тауға қарай жүгірген. Біраз уақыттан кейін көмек сұраған айқайға таныстары жүгіріп келген, оны дене жарақатымен тапты", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Зардап шеккен адамға көмекке келгендер аюдың оқиға орнын тез тастап, тауға қарай қашып кеткенін көрген.
Жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанына қарамастан, оның өмірін сақтап қала алмады. Ер адам алған жарақаттар өмірге сәйкес келмейтін болып шықты.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?