Алматы облысында 89 жастағы қарт адам коронавирустан айығып шықты
Алматы облысында коронавирустан 89 жастағы қарт адам емделіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1931 жылғы Кеген ауданының тұрғыны Күмісхан Оразақынова Шелек ауылындағы аудандық ауруханада 4 мамырдан бастап емделген. Емхананың бас дәрігері Гүлнар Кураметованың айтуынша, науқас ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болған.
"Ауруханаға түскен кезде науқастың жас ерекшелігін ескере отырып, бірден реанимация бөліміне жатқыздық. Өйткені қан қысымының жоғары болуы басқа да ауруларды асқындыруы мүмкін. Сондықтан қатаң бақылауда ұстадық. Бүгін науқас коронавирустан толықтай емделді", - деді бас дәрігер.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді