Алматы облысында 2,5 мыңнан астам тұрғын пневмониямен ауырып жатыр
Алматы облысында пневмониямен ауыратын 2,5 мыңнан астам науқас тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн брифинг барысында Алматы облысы әкім аппаратының басшысы Батыржан Байжұманов айтып берді. Оның сөзінше, пневмониямен ауырған науқастардың көп бөлігінің жағдайы аса ауыр.
- Шымкентте 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды: Олардың суреті бар видео желіде тарады
- Коронавирусты анықтайтын ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен: 28 мың қазақстандық пневмонияға шалдықты
"Бүгінгі таңда Алматы облысында пневмониямен ауырған 2517 адам тіркелген. Оның ішінде 86% науқастың жағдайы ауыр", - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында.
Сонымен қатар, жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға республикалық және жергілікті бюджеттерден жалпы 730 млн теңге бөлінгені атап өтілді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"