Алматы облысында 22 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр
Алматы облысы Бесағаш ауылының 22 жастағы тұрғыны 7 тамыз күні үйінен шығып кеткен. Полицейлер мен еріктілер оны бес күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұған дейін бейнебақылау камераларының біріне жігітімен бірге түсіп қалған.
Қыз суға батып кеткен болуы мүмкін деген де нұсқа қарастырылып жатыр. Іздестіруге шұғыл сүңгуірлер тартылды. Қазір олар Тасқұм көлінің түбін қарап жатыр.
Сондай-ақ тау жотасын тексеруге кинологтар шақырылды.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған