Алматы облысында "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында бірқатар өзендер тазаланды
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаев өңірде “Жасыл Қазақстан” ұлттық жобасы аясында экологияны тазарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының аясында тұрғындардың тұрмыстың экологиялық сапасына қанағаттану деңгейін 2025 жылға қарай 80 %-ға дейін қамтамасыз ету мақсаты тұр.
"Таза Қазақстан" бағыты бойынша 2022 жылы Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық жай-күйін жақсарту, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық тепе-теңдігін сақтау, балықтардың жайылуы мен уылдырық шашу жағдайларын жақсарту, елді мекендерді, табиғи жайылымдарды су басудан қорғау мақсатында жыл сайын механикаландырылған тазарту бойынша Іле өзенінің арналары мен сағаларын тереңдету жұмыстары жүргізіледі.
2022 жылы өзен арналарын механикалық тазалауға облыстық бюджеттен 650 миллион теңге қаржы төмендегі нысандарға бөлінді:
- Балқаш ауданында Бестамақтан бастап Шұбарқұнан арқылы Іле өзенінің Жиделі, Қосқызыл, Асаубай тармақтарын тереңдету және механикаландырылған тазарту жұмыстарына;
- Балқаш ауданындағы Іле өзені сағасының Ақкөл а/о "Ранды" тармағын механикаландырылған тазалау жұмыстарына;
Бүгінде бірқатар елді мекендегі өзендерде бірқатар тазарту жұмыстары атқарылған.
“Мәселен, Балқаш ауданының Іле өзені Ақтоған тармағының арнасын механикалық тазарту жұмыстары жасалды. Сонымен қоса Балқаш ауданы Іле өзені арнасының Топар тармағының соңғы бөлігін механикаландырылған тазарту жұмыстары аяқталды. "Қапшағай су қоймасына құятын Іле өзені сағасының балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша да жұмыстар жасалды. Сондай-ақ Балқаш ауданыны Қарой аулыдық округі Алтай баз өзенінің арнасын механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілді”, – дейді ол.
Оның сөзінше, 2023 жылы Іле өзенінің арналарын механикалық тазалау төмендегі нысандары бойынша жұмыстар атқарылады.
“Іле-Балқаш бассейнінің экологиялық жай-күйін жақсарту, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық тепе-теңдігін сақтау, балықтардың жайылуы мен уылдырық шашу жағдайларын жақсарту, елді мекендерді, табиғи жайылымдарды су басудан қорғау мақсатында жыл сайын (механикаландырылған тазарту бойынша Іле өзенінің арналары мен сағаларын тереңдету) жұмыстары жүргізіледі”, – дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар 2023 жылы өзен арналарын механикалық тазалауға облыстық бюджеттен 539,5 миллион теңге қаржы төмендегі нысандарға бөлінді:
- Балқаш ауданындағы Іле өзені сағасының Ақкөл а/о "Ранды" тармағын механикаландырылған тазалау жұмыстарына;
- Балқаш ауданында Бестамақтан бастап Шұбарқұнан арқылы Іле өзенінің Жиделі, Қосқызыл, Асаубай тармақтарын тереңдету және механикаландырылған тазарту жұмыстарына;
- Балқаш ауданы, Ақжар а/о, Топар-1, Топар-2 арналарының кіріс арнасын механикаландырылған тазарту жұмыстарына;
- Балқаш ауданындағы Топар а/о, Топар арнасы /15 км/ механикаландырылған тазарту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде аталған нысандар бойынша жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік