Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысының жұмыстан кеткені туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бауыржан Ысқақ өз еркімен отставкаға кеткені туралы белгілі болды.
"Жұмыстан шығарудың басқа себептері жоқ. Ысқақтың орнын кім алатыны да белгісіз. Ол өз еркімен отставкаға кетті", - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 10 шілдеде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған