Алматы метросының қызметкерлері бюджет қаржысын жымқырған
Прокуратура Алматы метросынан сыбайлас жемқорлық әрекетін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Алматыдағы “Метрополитен” МКҚК қызметкерлері тепловоздарға қажет бастапқы резеңке серіппелерді 137 млн теңгеге көтерілген бағамен сатып алған.
"105 миллион теңге жымқырған": Мәдениет министрлігінің лауазымды қызметкері 6,5 жылға сотталды
“Бұл деректі Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады. Осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Тергеуді қазір Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр. Қылмыстық процестік кодекске сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 3 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырғаны туралы жазған едік.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр