Алматы мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды
Бүгін 23 қаңтарда Алматы мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасы хабарлады.

Ал балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді.
"Құрметті ата-аналар! Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша”, – деп мәлімдеді білім басқармасы.
Бұған дейін Алматыдағы барлық мектептер мен балабақшаларда тұрғындарды қабылдау пункттері ашылғанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Алматы қаласында байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар