Алматы маңында оқушы 9 қабатты үйдің төбесінен құлап қаза болды
Алматы маңындағы ауылдардың бірінде оқушы 9 қабатты үйлердің арасына құлап, қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 24 мамыр күні кешкі сағат 18:00-де Талғар ауданы Бесағаш ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, бала өзге балалармен үйдің төбесінде ойнап жүрген. Олар бір үйден екінші үйге өтіп жатқанда ғимараттар арасын жауып тұрған бөгет баланың салмағын көтере алмаған.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 жастағы жеткіншек қаза болған.
"Үлкендердің қарауынсыз қалып, балалармен үйдің төбесінде ойнап жүргенде ол абайсызда сейсмотермошва аралығына құлап кеткен. Оның ені 60 сантиметр, ұзындығы 17 метр, биіктігі 27 метр. Бала оқиға орнында қаза тапты", - деді ведомствода.
Өңірлік ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы