Алматыда көшеде учаскелік полицияның қызметтік көлігіне ағаш құлады (видео)
Әлеуметтік желілерде Алматыда көшелердің бірінде патрульдік көлікке құлаған ағашың видеосы тарады. Деректерге сай бірнеше күндік жаңбырдан соң ағаштың тамыры шіріп босаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, оқиға Алматыдағы Нүсіпбеков көшесінде болған. Апта бойғы жауын-шашынның көп түсуіне байланысты көптеген ағаштардың тамыры әлсіреп, шіріп тұрғандары бар. Салдарынан олардың бірі тұрақта тұрған көлікке, атап айтқанда учаскелік полицияның қызметтік көлігіне құлаған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері бірден әрекет етіп, ауыр зардаптардан қашқан. Қала қызметтері оқиғаның салдарын жоюға кіріскендерін жеткізді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді