Алматы қаласының жаңа прокуроры тағайындалды
Мемлекет басшысының келісімімен Алматы қаласының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Серік Кәріпбеков тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Серік Кәріпбеков 1973 жылы туған, білімі жоғары, Түркияның Стамбул университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Ол Бас прокуратураның басқарма және бөлім бастығы, қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары секілді бірқатар жауапты қызметтерді атқарған.
2020 жылдың маусым айынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі