Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ауруханасында жатқан екі жасар баланың әкесі табылды

Алматыда өткен жылдың қыркүйек айынан бері екінші балалар ауруханасында жатқан екі жасар Тәңірберген Тілепбаевтың әкесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Мейірбек Тілепбаев ұлын алып, өз бетімен өсіруге дайын екенін айтты. Бүгін ол баламен кездесуге медициналық мекемеге өзі келген. Қазір Тәңірбергеннің әкесі оның қамқорлығын заңды түрде қайтару үшін қажетті құжаттарды дайындап жатыр.

"Оқиғамызға бей-жай қарамағандарға көп рахмет. Бірақ ұлымды өзім тәрбиелеймін. Енді мен барлық қажетті құжаттарды реттеп, оны алып кетуге дайынмын. Қажет болса, ДНК сараптамасын тапсыруға дайынмын. Бірақ Тәңірберген менің ұлым екеніне сенімдімін – бұл 100%. Осы уақыт аралығында мен ай сайын ауруханаға келіп тұрдым. Бұл туралы дәрігерлер біледі", - деді баланың әкесі Мейірбек Тілепбаев.



Қазір бала екінші қалалық балалар ауруханасында. Ауруханадан шыққаннан кейін ол мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылады, одан кейін туыстары алып кетеді.

Еске салайық, тастанды баланың оқиғасы әлеуметтік желідегі суреттердің арқасында резонансқа ие болды. Белгілі болғандай, бала бірнеше ай бойы Алматыдағы екінші қалалық балалар ауруханасында жатқан, оны полиция алып кеткен - олар оны көшеден тауып алған.

Талқылау