Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады
Алматыдағы әуежайдың жаңа терминалы рейстерді қабылдап үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауына сәйкес көлік-логистика саласы еліміздің экономикалық дамуының локомотивтерінің бірі болуға тиіс. Соған сай Алматы әуежайында жаңа терминал ашылды.
Жаздың бірінші күні Алматы әуежайының жаңа терминалы
алғашқы рейстерді қабылдады.
"Air Astana әуекомпаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі таңғы 8:50-де әуежайға келіп қонды (КС-664 рейсі). Әуе кемесінде 94 жолаушы болды. Ал сағат 09:50-де алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясының әуе кемесі ұшты (КС-653). Бортта 166 жолаушы бар”, – делінген хабарламада.
Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды.
Алматы әуежайындағы жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы – 53 мың шаршы метр.
Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 лента қарастырылған. Ол жылына 14 млн жолаушыны өткізуге қабілетті.
Алдағы уақытта әуежайдан 10 елге 15 халықаралық маршрут бойынша отандық және шетелдік компаниялар қатынайды.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
