Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматы әуежайының коммерциялық орындары мемлекеттік меншікке қайтарылды

Көлік прокуратурасы Алматы әуежайының коммерциялық орындарын мемлекеттік меншікке қайтарып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әуежай

Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз берілген.

"2003 жылы Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша “Имстальком" АҚ жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге өткен. Себебі шарт бойынша 333 миллион теңгені осылай өтеген. Сонымен қатар Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмаған", – делінген хабарламада.

Осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық прокуратура  А.Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 шаршы метр жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен  жүгінді.

"Соттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен прокуратураның талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі 13 наурызда күшіне енді", – деп толықтырды мемлекеттік орган.

Бүгінгі таңда "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ сотының шешімін орындау аясында Алматы әкімдігіне меншік құқығын тіркеу, ал Әділет департаменті нысандарды мемлекет пайдасына беру бойынша жұмыстар бастады.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 07 Сәуір, 2023 10:28
Талқылау