Алматы әуежайында зардап шеккен қызметкердің жағдайы белгілі болды
Алматы әуежайында 67 жастағы ер адам кепілге алған қызметкердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі өз қызметкеріне көмек көрсетілгенін хабарлады. Қызметкер психологтың көмегіне жүгінген.
"Осы оқиғаға байланысты зардап шеккен әуежай қызметкеріне психолог көмегі көрсетілді және қажетті барлық қолдау жасалады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.
Кейіннен қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталған. Күдіктіні ұстаған азамат "Ерлігі үшін" медалімен наградталды.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.