Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды
Алматы халықаралық әуежайында А320 ұшағы буксирлеу кезінде Boeing 767 ұшағына соғысып қалды. Екі әуе ұшағы да Air Astana-ға тиесілі, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі бұл оқиғаның 29 мамырда болғанын нақтылады.
"Әуе кемесін бортта жолаушыларсыз тіркеп сүйреу кезінде, техникалық жұмыстарды жүргізу үшін, Алматы қаласының әуежайындағы ангардың техникалық тұрағы ауданында А320 ұшағы Boeing 767 ұшағының тұрақтандырғышын шарклетпен жауып тастады. Екі борт та Air Astana-ға тиесілі. Қазіргі уақытта екі әуе кемесінде де жөндеу-техникалық жұмыстар жүргізілуде. Тергеу жүріп жатыр", - деп атап өтті әуе компаниясында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар