Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайы жүктерді жұлқылап лақтырған қызметкерлерге қатысты пікір білдірді

Алматы әуежайы шабадандарды жұлқылап лақтырған қызметкерлерге қатысты пікір білдірді. Бұған дейін жұмысшылардың салғырттығы түскен видео желіде тарап, талқыға түскен болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы видеоның Алматы-Атырау бағытындағы SCAT әуе компаниясының бортына жүк тиеу кезінде түсірілгенін атап өтті.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, Алматы әуежайындағы жүк тиеушілер жолаушылардың сөмкелері арқылы үш ұпайлық салым мен дәл пас беру дағдыларын шыңдап жатыр", – деді видео авторы.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі жұмыс тәртібін бұзушылық шын мәнінде ұшып бара жатқан рейстердің бірін өңдеу кезінде орын алғанын растады.

"Алматы халықаралық әуежайы кез келген байланыс құралдары арқылы жолаушылардан түскен барлық өтініштерді ескереді. Біз жөнелтілетін рейстердің бірін өңдеу кезінде жүк тиеу тәртібінің бұзылғанын растаймыз. Сол жердегі қызметкерлер жүктерді өңдеу бойынша тәртіптік ескертулер алды", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.



Әуежай сонымен қатар барлық жүк тиеушілерге жүктерді дұрыс сұрыптау бойынша парақшалар мен басқа да анықтамалық материалдар таратқанын атап өтті.

"Мұндай қателік жібермеу үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу қызметкерлеріне нұсқау беріліп, олар жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар алды. Жүк тиеу процедурасының дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізілуде", –  делінген хабарламада.

Талқылау