AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайында төбелес болып, полиция қару қолдануға мәжбүр болған

Алматы әуежайында төбелес соңы полиция қызметкерлерінің ескерту ретінде оқ атуымен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында агрессивті ер адамдардың төбелескені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, ол жерде оқ дыбысы естілген.

Алматы полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы халықаралық әуежайы аумағында туристік полицияға көлік тұрағында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен. Белгілі болғандай, мас болған үш ер адам төбелесіп жатқан.

“Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берді. 1994 жылы туған, бұрын сотталған У. есімді азамат бөтелкені жарып, оны полиция қызметкеріне қарай жақындатып, ұрмақ болған. Қызметкер ескертпе ретінде ауаға оқ атқан. Нәтижесінде төбелеске қатысушылар ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары екені белгілі болды. Олардың екеуі бұрын адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Сотталушылардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі “бұзақылық” бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ қызметтік қаруды қолдану бойынша тексеру жүргізіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр