Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұған барлығы лайық": "Алматы аруы" байқауының үш бірдей финалисі тұрмысқа шығып жатыр

"Алматы аруы" байқауының үш финалисі тұрмысқа шығып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы аруы-2017" атағын алған Сәбина Әзімбаеваға, "Алматы аруы-2018" атанған Альмира Өтегеноваға және "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышеваға сүйгендері үйленуге ұсыныс жасаған. Елді сұлулығымен тәнті еткен қыздар енді отбасын құрып, келін атанбақ. 

Бұл қуанышты жаңалықты үш ару желідегі парашасында бөлісіп, жазба қалдырған. Сұлулар сүйгендеріне келісім бергендерін де жасырмады. Қазір "Алматы аруы" байқауының финалистері тойға қызу дайындықты бастап кеткен. 

Талқылау