Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді
Сайлау учаскесіне таңғы сағат 7-де алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен бірге келді. Алматы әкімі әйелімен бірге референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерболат Досаев пен әйелі Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 сайлау учаскесінде дауыс берді.
"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін және оның азаматы ретінде мен үшін өте маңызды күн. Бүгін еліміз өзінің болашағын айқындайды. Мен сайлау учаскесіне еліміздің болашағы, мемлекеттің бейбітшілігі мен гүлденуі, Алматы мен қала тұрғындарының бірлік-берекесі үшін дауыс беруге келдім", – деді Ерболат Досаев.
Алматыда таңғы сағат 7-де 574 сайлау учаскелері ашылды. 1 миллионнан астам қала тұрғындарының дауыс беру құқығы бар.
Қазақстанда референдум өтіп жатыр: 9964 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр