Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда референдум өтіп жатыр: 9964 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

Республикалық референдумда 9 964 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

референдум

"Сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Қазақстандағы барлық 9 947 сайлау учаскесі, сондай-ақ еліміздің 19 шет елдегі дипломатиялық өкілдіктеріндегі 17 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Шетелде 48 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Осылайша 9 964 референдум учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр", – деді Мұхтар Ерман.

5 маусымда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр.

Дауыс беруге арналған бюллетеньде "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасында белгіленген "Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды (барлығы 56 өзгертулер референдумға шығарылды. – Ескерту) қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады. 

Референдум өтуі үшін оған қатысушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы қатысуы керек.

Талқылау