Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмат Сақатов: Мен өте көп күнә істедім, Алладан көп кешірім сұраймын

Алмат Сақатов пендешілік жасап, тіпті істі болса да өнер адамына жақсы жағынан қарау керек деген пікірде. Бұл ретте ресейлік актер Ефремовтің әрекеті мен қазақ актері Ерлан Біләлдің әрекетін баға берді. 

Алмат Сақатов: Мен өте көп күнә істедім, Алладан көп кешірім сұраймын

Әңгімені қоғамдағы ұлттар алауыздығынан бастаған ол жаны қазақ деп соғатынын айтады. Алмат Сақатов саясатты "мәдениетті жезөкше" деп атады. 

"Орыстардың сөзі бар "Саясат - ол мәдениетті жезөкше" дейді. Яғни Қытаймен әлдене бірлесіп жасау керек болса, Қытайға жақындаймыз. Орыс керек болса, сол жаққа жақындайыз. Саясат деген сол. Мағынасы да сол. Мен өз басым саясатқа барғым келмейді. Мен әлсізбін. Бір адам үшін, отбасы үшін жауап беру оңай емес. Бүкіл халық үшін жауап беру маңызды нәрсе", - деді актер "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында.


Алмат Сақатов: Бауыржан Ибрагимов те, Уәлибек те Нұржан Төлендиевке жетпейді


 

Театр әртісі депутаттыққа барған Нұрлан Әлімжанның орнына өзі барудан бас тартатынын айтты. Әріптесі Ерлан Біләлдің әрекетіне баға берді. 

"Мен Ерлан Біләлге қатысты пікір айтқым келмейді. Оны істі болған соң да Абай рөлін сомдады деп айыптайтындар бар. Бұған лайық па деп те сынайды. Бірақ мен одан айып көрмеймін. Адамның, әртістің жақсы жағын алу керек. Адам болған соң пендешілік болған шығар. Мысалы, Мұқағали Мақатаев періште емес. Ол да ішімдік ішті деп айтамыз. Бірақ кітабын оқимыз ғой. Оны жек көріп кеткен жоқпыз ғой", - деді Сақатов.

Актер өзінің көп күнә істегенін айтып, Алладан көп кешірім сұрайтынын айтады. 

"Егер менде Алламен жүздесу мүмкіндігі болса, көп кешірім сұрайтын едім.  Себебі күнәм көп. Көп қателік жасаған адаммын. Өтірік айттым. Әкеммен ұрыстым. Бауыржан шоуда жүргенде кеудеме нан пісіп, тәкаппар болдым. Айта берсек көп. Сондықтан жаратқаннан көп мәрте кешірім сұрауға дайынмын", - деп сөзін аяқтады Сақатов. 

Талқылау