Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алмасадам Сәттқалиевтіты энергетика министрі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Алмасадам Майданұлы Сатқалиев 1970 жылы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін механик, математик-қолданбалы мамандығы бойынша, Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі қатарында.

1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы" АҚ менеджері, клиринг бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы, басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарған. 2001-2006 жылдары "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті және бірінші вице-президенті қызметтерін атқарған.

2006-2007 жылдары "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі" АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып, 2007 жылдың қаңтарында Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

2008-2009 жылдары - "KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ бірінші вице-президенті, 2009-2011 жылдары - "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ президенті. 2011 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, 2011-2018 жылдары "Самұрық-Энерго" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Талқылау