Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Алмас Кішкенбаевтың жары ажырасқандарын мәлімдеген соң, тыңдармандары әншінің тағдырына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Олар желі арқылы әншіге толассыз хаттар мен пікірлерін жолдауда. Алайда Алмас әлі күнге дейін ел көкейіндегі сауалға жауап бермеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ол баз бұрынғы қалпынша қос бірдей қызының суреттерін желідегі парақшасына жүктеуде. Сондай-ақ, әнші отбасындағы кикілжіңнен кейін мазмұны мұңды посттар жазуда.

“Өмір, өмір, өмір. Кімде қанша уақыт қалғанын ешкім білмейді. Уақыт өз заңымен жылжуда, уақыттың қалай өтіп жатқанын байқамаймыз. Мүмкін бұл біздің соңғы батқан күніміз шығар”, – деп жазды Алмас инста-парақшасында.

Мұны көрген желі оқырмандары жағымды-жағымсыз пікірлерді қарша боратты. Алайда мұның өзі әншінің шамына тисе керек-ті, ол парақшадағы барлық пікірлерді өшіріп тастады.

Оқи отырыңыз: 

Жемқорлыққа жол жоқ: Роза Рымбаева өзі қазылық ететін байқауда жерлесіне көмектеспейтінін айтты

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады

Талқылау