Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жемқорлыққа жол жоқ: Роза Рымбаева өзі қазылық ететін байқауда жерлесіне көмектеспейтінін айтты

Димаш Құдайбергенге танымалдылықты тарту еткен «Славян базары», биыл қазақ баласын қазылыққа шақырыпты. Әнбайқаудың төрайымы болуға Роза Рымбаеваға да ұсыныс тасталған. Ал, осы жылы жас орындаушылар додасында ел намысын кім қорғайды?!

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Биыл қазылар алқасының мүшесі ретінде, төрайым болып қалуым мүмкін. Себебі былтыр да ұсынылғанмын. Бірақ, мен былтыр ЭКСПО-дағы концертіме байланысты мен ол жерде ұзақ бола алмадым да. Сол ашылуына қатыстым», – дейді Роза Рымбаева.

Роза ханым, «Славян базары-2018» әнбайқауында ел намысын қорғайтын қатысушыдан бейхабар болып шықты. Биыл аталмыш додаға Қазақстанның атынан Ернар Садырбаев есімді өнерпаз аттанбақ.

Отандық шоу-бизнесте «Әmre» лақып атымен танымал жас әнші, осы уақытқа дейінде халықаралық додаларда талай мәрте топ жарған. Бүгінде 23 жастағы талантты жігіт Алматыдағы Өнер академиясында білім алады.

«Мен оның азды-көпті жеткен жетістіктерін білемін. Алыс-жақын шет елдерде қазақтың намысын жыртып жүргенін, туымызды көкке көтеріп жүрген азаматтардың бірі. «Славян базарында» да жақсы өнер көрсетеді деген ойдамын», – дейді Майғазиев.

Роза Қуанышқызы төрайым, Димаш Құдайберген әділқазылардың қатарында. Ал, Қазақстандық қатысушыға сәттілік серік бола ала ма?!

«Мен енді қазы ретінде талай Қазақстанның әншілері барған кезде, жүрегім ауырып отырады. Себебі, олар ерекше болса екен деп отырамын. Басқа қазылар мүшелеріне қолдаңыздар деп айту үшін, менің орындаушым ерекше болуы керек. Сондықтан, ол бала ерекше болса екен деп армандаймын», – дейді Роза Қуанышқызы.

«Ол жерде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ шығар. Бірақ десек те Әмре өте жақсы, кең диопазонды жақсы әнші!» – дейді Майғазиев.

Биыл «Славян базары» байқауы Белоруссияның Витебск қаласында, шілде айының 12-сі мен 16-сы аралығында өтеді!

Жіберіп алмаңыз: 

Дуэт болған Ақбота мен Қуандық Рахым әннің сөзін ұмытып, сахнада тоқтаусыз күлді (видео)

Жеңіс Ысқақова жас көріну үшін қабағының терісін алдырып тастаған

Танымал әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады

Талқылау