"Аллаға және президентке рахмет": Журналист Шымкент әкімінің мақтауын асырды
Видеодан скрин
Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист сөзін "Аллаға және президентке рахмет" деп бастап, әкімнен қала басшысы қызметінде қала ма, жоқ па деп сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қаламыз жақсы дамып жатыр, халық уайымдайды, қаланы дамытуға үлкен үлес қосқан әкіміміз кетіп қалмай ма?" – деді журналист.
Ғабит Сыздықбеков кадрлық шешімдерді президент қабылдайтынын айтты.
"Менің алдымдағы әкімдер де жан-тәнімен еңбек етті. Көп нәрсе жасалды. Бағаны халық береді. Ал әрі қарай жұмыс істеймін бе, жоқ па оны президент шешеді. Ол тағайындады, шешімді де өзі қабылдайды. Қолымнан келгенше еңбектене беремін", – деді өңір басшысы.
Көпшілікті таңғалдырған сәт журналистің соңғы сөзі болды.
"Сізді әкім етіп тағайындағаны үшін Аллаға және президентке рахмет", – деді ол.
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?
Қазақстандық жігіт жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табыс табады
Достарына әзіл үшін видео түсірген Алиаскар Куттымурат жасанды интеллект арқылы айына 2 миллион теңге табады