Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алла сақтады": Қуаттағышы жарылған танымал блогер телефон жабдықтарына бей-жай қарамау керегін ескертті

Көпшілік арасында Territima лақап атымен танылған блогер Темірхан Асылбектің телефон қуаттағышы жарылып, үйі өртеніп кете жаздады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Блогер желіге қуаттағышының өртеніп жатқан видеосын жариялады. Темірханның айтуынша, ол бұған дейін телефон қуаттағышының өртеніп жатқан видеосын бірнеше рет көрген. Алайда ондай дүниелерге қатты сенбеген көрінеді. 

Айнаның алдында тұрған қуаттағыш жөргектерге тиіп, жарылған. Блогер шелекпен су тасып жүрып, өртті сөндірді.

“Алла сақтаған жоқ. Үйде болғанымыз мұндай жақсы болар ма еді?! Қуаттағышымды тоққа қосып едім өртеніп кетті. Қуаттағыштардың өртеніп жатқан видеосын талай көрдім. Бірақ қатты сенбедім. Қуаттағышым негізі түпнұсқа”, – дейді Territima.

Блогер қуаттағыштан тістелген сым шығып тұратынын айтты. Жарылыстың сол себепті болуы мүмкін екенін деп жасырмады. Ол бұл туралы осы саланы білетін мамандардан сұрау керегін айтты.

Қуаттығыштың жарылғанын блогер де, оның әйелі де естіген. Алайда балкондағы заттардың бірі құлады деп ойлған олар бұл дыбысқа аса мән бермеген.

“Алғашында қатты дыбыс естідім. Балконнан бір нәрсе құлады деп ойладым. Біз бұл кезде залда видео түсіріп отырғанбыз. Сөйтсем жарылыстың дыбысы да, видео да жазылып қалыпты. Жарылысқа бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Біріншісі, мен powerbank-ті қуаттау үшін тоққа қосып, оны жөргектер салынған пакеттің үстіне қойып кеттім. Сол себепті ол қызып кетуі мүмкін. Екіншіден, қуаттағыштағы тістелген сымнан болуы әбден мүмкін. Үшіншіден, жарылысқа тоқтың күрт күшеюі әсер еткен болу керек. Рowerbank жөргектерге жабысып қалыпты”, – дейді блогер. 

Қандай жағдайда телефон өртеніп кетуі мүмкін?

Телефон құрылғылары көп жағдайда тозығы жеткен немесе арзан қуаттағышты пайдалану салдарынан жанып кетеді. Бұл туралы Mobile Research Group жетекші сарапшысы Эльдар Мұртаза Ferra.ru басылымына берген сұхбатында айтты.

“Әдетте арзан қуаттағыштардың кесірінен тоқ соғады немесе құрылғы жанып кетеді. Сол себепті қол жетімді қуаттағыштарды емес, телефонның өзімен келген қуаттағышты пайдаланған абзал”, – дейді Эльдар Мұртаза.

Алайда түпнұсқа қуаттағыштың өртеніп кетпеуіне кепілдік жоқ деген пікір де бар. Өйткені кабель деформацияланған болуы мүмкін. Сондай-ақ өрт жерлендірілмеген алюминий сымдарынан да шығуы мүмкін. Тағы бір ескеретін жағдай, телефонды қуаттау кезінде құрылғын пайдалануға болмайды. Себебі телефон қызып, салдарынан өнімділігі төмендейді. 

Бұған дейін Алматы облысында 15 жастағы қыздың телефоны жарылып, өліп кеткені туралы жазған едік.

@territima1

Как думаете из-за чего?😳 есть кто шарит?

♬ оригинальный звук - TERRITIMA

 

Талқылау