Әлия Назарбаева кітабының тұсаукесерін өткізген – Бекшин пікір білдірді
Әлия Назарбаеваның "Күш-қайрат мекені" (Место силы) атты жаңа кітабының тұсаукесері Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында өткізілген. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұл туралы пікір білдірді, хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мұндай іс-шара шынымен өткізілген. Біз барлық ведомсвто алгоритміне сәйкес шара қабылдау үшін қажетті ақпаратты жібердік. Полиция органдары баянат (рапорт) түріндегі құжаттарды толтырып, фото-видео дәлелдерді және өзге де материалдарды қосуы қажет", – деп түсіндірді Бекшин.
Сонымен қатар ол мұндай сұралымның жасалғанын, бірақ материалдардың әлі келмегенін айтты.
"Біз шара қабылдау үшін аудан әкімдігіне сұралым жібердік. Мониторингтік топ дәлелді материалдарды жіберуі керек. Алдын ала ақпарат бар. Іс-шара кезінде “жасыл деңгей” мен барлық сақтық шаралары сақталған", – деп қосты Алматы бас санитарлық дәрігері.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек