Әлия Назарбаева авторлық бағдарламаға негізделген мектеп ашпақ
Қазақстанның тұңғыш президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Alem Eco School білім беру кешенінің құрылысы басталғаны туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Alem Eco School - экология, мәдениет және өнер саласындағы авторлық бағдарламаға негізделген Қазақстандағы алғашқы инновациялық экологиялық мектеп.
Кешеннің ашылуы 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Әлия Назарбаева жақын арада жаңа мектеп туралы және оның авторлық бағдарламасының өзгешелігі туралы толығырақ айтып беретініне уәде берді.
Әлия Назарбаева Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрағасы.
Бұған дейін Әлия Назарбаева Алматыда қоқыстан көркем жұмыстар көрмесін ашқан болатын.
Көрмені ұйымдастырушылар адамдардың назарын қала да, табиғат аясында да көбейіп келе жатқан қоқыс мәселесіне аударғысы келеді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі