"Алып қашып кетсе, қаламын": Әнші Сара Амангелді жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді
"KeshYou" тобының бұрынғы әншісі, көпшілікке “Келінжан” сериалындағы Асылым рөлімен танылған Сара Амангелді әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/usserbai_daulet/amangeldieva_sara/turar__ydyrys
Желі қолданушысы әншіден қазақтың алып қашу дәстүріне қалай қарайтынын, егер өзі алып қашып кетсе не істейтінін сұрады.
“Алматы қаласында алып қашатын жағдайлар көп емес секілді. Алып қашса, ұнатып жатса, қаламыз. Егер танитын адамым болса. Танымайтын адам болса, қайтадан әкеліп тастайды ғой”, – дейді Сара Амангелді.
Сондай-ақ өнер иесі кинодағы жұптары Дәулет Өсербаймен және әнші Тұрар Ыдырыспен қарым-қатынасы туралы ашып айтты.
“Негізі Асқар екеуіңіз күшті жарасасыздар” деп жазған оқырманға Сара: “Достар, біз Асқар екеуіміз өмірде жақын араласпаймыз. Ол – сериалдың бірінші маусымында болған нәрсе. Себебі ол кісінің жеке өмірі бар, жақсы көретін адамы бар, болған. Мен “маған жарасады екен, келіп тұр” деп біреудің қарым-қатынасына балта шауып, өміріне араласа алмаймын. Бұл – жұмыс. Біз жұмысымызды атқарамыз. Тақырып жабылсын, шын өмірде басқаша”, –деп жауап берді.
Әлеуметтік желдіе Сара мен жас әнші Тұрар Ыдырыстың түсірілім барысындағы видеолары тараған болатын. Желі қолданушыларының айтуынша, ол желіде Тұрарды бұғаттап, достар тізімінен өшіріп тастаған.
“Оқырман, әрине, бәріңізге қызық қой. Бірақ мен кімді, неліктен, қашан бұғаттап тастағанымды айтпаймын. Ол нәрсе жеке басыма ғана қатысты. Ол туралы айтып отырғаным да ұят болар. Ондай дүниелерді желіде шешкенді ұнатпаймын, маған жараспайды. Мені де әке-шешем оқиды. Жалпы әлеуметтік желі отбасылық мәселелерді шешетін жер емес”, – деп өзі туралы әңгімеге нүкте қойды.