Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлімжеттік көрсеткен ҚазҰУ-дың 10 студенті оқудан шығарылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 10 студентін оқудан шығару әрекеті дау-дамайға ұласты. Филология факультетінің екінші курсында оқитын жігіттер бірінші курстың студенттеріне әлімжеттік көрсеткені үшін осындай шешім қабылданған көрінеді. Бірақ  «жазығымыз жоқ» деп шулаған сол студенттерге курстастары мен ата-аналары қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

студент

Орта жолда оқудан шығарылған 10 жігітті группаластары осылай қолдап шықты. Даудың басы өткен апта жатақханада басталған. Түн жарымында олар бірінші курстың студенттерін бөлмеге шақырып, ұрып-соғыпты-мыс. Бірақ, бұл айыпты мойындағылары жоқ.

«Бүйректен сирақ шығарып отыр мына жерде. Барлығымызда әр ұйымда белсендіміз.  Стипендия алып отырымыз, грантта оқимыз. Жала жауып отыр. Біз не үшін оқыдық, екі жыл бойы белсенді болдық, не керек осының барлығы?», – дейді Ертай Біләлов.

Жайсыз хабарды естіген ата-аналар жан-жақтан жедел жеткен. Балаларын оқудан шығару туралы шешімді бірауыз ескертуге жарамаған факультет деканына ренжулі. «Өзімізге дүрсе қоя берді», - дейді факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлының айтуынша, зәбір көріп, көкала қойдай сабалған студенттердің ректор атына жазған шағымы бар. Сондықтан 10 студентті ақтаудың «қажеті жоқ» деген пікірде.

«Төбелестің болғаны туралы біз бірнеше күн балалардан сұрадық. Ана жақта да сұрап жатыр. Ақырында мойындалды. Біз  этикалық кеңес өткіздік. Сонда барлық этикалық кеңестің мүшелерімен келісіп, осындай тәртіпсіздік бұзылған, осындай жағдай болған дегеннен кейін мен ұсыныс жасадым», - дейді ҚазҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің деканы Өмірхан Әбдіманұлы.

Жағдай осылай ушыққан соң, бәрі бірдей оқудан шықпау үшін, тіптен араларындағы бір студент бар кінәні мойнына алған.

«Бір бала кеше түсініктеме жазып береді. Бұлардың үстінде шағым жоқ, арыз жазылмаған. Ешкімнен ешқандай факті, дәлел жоқ. Далаға лақтырып тастаған сияқты болды. Бұлардың тағдыры не болады? Қазір шықты да, жылап отыр. Ертең біреу бір нәрсе істесе, кім жауап береді, суицидке барса?», - дейді Альбина Жұмабай, студент.

Курстастарына араша түсу үшін «кешірім берсін» деп мыңға жуық студенттің қолын жинаған. Ал дәл сол түні нөмірі 17 жатақхананың 304 бөлмесінде болған бірінші курс студенттері «тағар кінәміз жоқ, қас емес, қайта олармен доспыз» деп ақтап отыр. Десе де, үсті-басы көгерген ізден көрінбейді. Мұны өздерінше түсіндіруге де тырысты.  

«Мұз айдынға бардық, содан тайдық. Аяғымызды ауыртып алдық қой сол жерде. Тексерілген кезде сол жерде, бізге ұрған деп есептеп шағым айтты да үстімізден», – дейді. 

Мұзға құлады ма, әлде таяқ жеді ме, шындық олардың тек өзіне аян. Бірақ орта жолдан тайған 10 жігіттің факультетте қалмайтыны анық. 

Екі тараптың да «еш нәрсе болмады» деп ойы бір арнада тоғысқанмен, университет басшылығы қабылданған шешімнің күшін жоймайтын болды. 10 студент оқудан шығарылды. Ал олардың гранты ақылы бөлімде оқитын өзгелерге бұйырмақ. Оларға бұл білім ордасының есігі қайта ашылмайды. Қолдан бар келетіні – өзге университетте ақылы бөлімде оқуын қайта жалғастыру.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүздеген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр