Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алик Шпекбаев пен Анар Жайылғанова жаңа агенттіктердің басшылығына келді

Елімізде құрылған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анар Жайылғанова мен Алик Шпекбаев

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің директорының орынбасары міндетін атқарушы Дидар Смағұлов мәлімдеді.

Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 

Ал Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы атанды. 

Еске сала кетсек, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін екіге бөлген еді. Осылайша, елімізде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр