Әли Оқапов: Елдің бәрі мені үйлендіргісі келеді
Роза ханымның тұңғышын толғандырар тақырып тым басқа! Мәселен, жуырда жүктеген той фотосы желіде әп сәтте-ақ, қызу талқыға түскен еді. Оқырмандарының бірі Оқаповқа отбасылық бақыт тілеп үлгерсе, енді бірі Әлидің әлі үйленбейтінін болжады. Ақиқатын әншінің өзі айтсын.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Дәл осы суреттер желіде пайда болған сәтте, ғаламтор қолданушылары отандық шоу-бизнес бойдақтарының саны біреуге кемігенін жарыса жазған-ды! Алайда, күйеу жігіттің кейпіне енген Әли мен қалыңдық көйлегін киген «Асылдық» Ақерке жарнама ролигіндегі кейіпкерлер болып шықты!
«Кейіпкерлер ретінде бізді таңдады. Біз өзімізде білген жоқпыз не үшін бізді таңдағанын. Ең біріншіден екеуімзде бойдақ болғанымыз үшін шығар. Екіншіден мүмкін қызық болған шығармыз. Өйткені, қай жерде жүрмесем де той қашан, той қашан деп менің мазамды алып қоймайды да… Жасың 26-ға келіп қалды, болды, жететін шығар дегендей. Барлығы да мені үйлендіргісі келеді», – дейді Әли.
Әлидің көпшілік тілегін орындағысы келеді-ақ! Бірақ, жүрегі қалаған жанды әлі жолықтырып үлгермеген сері, биыл Оқаповтар әулетіне келін түспейтінін кесіп айтты.
«Өзім де қарсы емеспін негізі. Дайын емеспін немесе әлі жастаумын деп санамаймын. Бірақ, биыл той жоспарланған жоқ!» – деп түсіндірді әнші.
«AlianZ-тарды» алаңдатқан тағы бір жайт бар! Өнермен қоштасатынын меңзеп, таяуда арнайы пост жариялаған Оқапов, өз қолдаушыларының ойын сан-саққа жүгірткен еді. Әли бұл жазбасында бүгінгі сахнаның сәні мен әндердің мәні кеткеніне қынжылған…
«Нақты шешім әзірше қабылданған жоқ! Сахнадан кетем бе, кетпеймін бе дегендей. Бірақ, біздің эстрадамыздағы яғни, үлкен сахнадағы жағдайды ашып айтқым келді. Осы оқиғаны, осы сұрақтарды біз өзгерту керекпіз деген ойым бар. Өзгертпесек, онда мүмкін кететін шығармын», – деп түйіндеді Оқапов.
Жіберіп алмаңыз:
Қыдырәлі Болманов шұлық өндірумен айналыса бастады (фото, видео)
Ғаламтор “құлына” айналған аруларға ән арнаған Серік Ибрагимов елді риза етті (видео)