"Әлі қара тізімдемін": Мөлдір Әуелбекова өнер жолында кедергілер барын жасырмады
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан жиі шеттетілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Алайда шоу-бизнес жұлдызы қара тізімге кіргені үшін қатты қайғырмайтынын Дина Төлепбергенге айтып берді.
"Әлі де қара тізімдемін. Кейбір жерлерде мені орамал үшін шақырмайды. Шынымды айтсам, басымды қатырмаймын. Қара тізімге кіріп кеттім ба? Одан қалай шығамын? Мен олардың қара тізіміне болмаса концертіне, телевизиялық жобаларына мұқтаж емеспін. Мені тыңдайтын халқым бар. Міне 20 жыл болды мені көтермелеп отыр. Құлаған жерімде мені көтеріп жіберіп отыр. Мені тыңдатын халық өзі тауып алып-ақ тыңдап жүр", – деді өнер иесі.
-
"Уақытша әңгіме": Мөлдір Әуелбекова желіде отырып ақыл айтатындарды сынады
-
"Жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады": Мөлдір Әуелбекова жақсы жаңалығын бөлісті
Еске салайық, әнші сахнадан кетуді де ойлап жүргенін жасырмаған еді.
“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…🥹Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазған еді эстрада жұлдызы.