Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Али Алиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресми тағайындалады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Али Алиев жақын арада бұл қызметке ресми түрде тағайындалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Stan.kz

ҚФФ басшылығы Али Алиевті ұлттық құраманың тұрақты бас бапкері етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Жақын аптада бапкермен және оның жаттықтырушылар штабымен келісімшартқа қол қойылады.

Қазақстандық маман ұлттық құрамамен жұмысты кем дегенде осы жылдың соңына дейін жалғастыруы ықтимал. Айта кетейік, Алиевтің басшылығымен Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында екі ресми матч өткізді. Уэльске қарсы ойында 1:3 есебімен жеңіліп, Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді.

Дереккөздің мәліметінше, мамыр айында бұрынғы бас бапкер Станислав Черчесовпен арадағы келісімшарттық міндеттемелер толықтай аяқталады. Себебі ресейлік маманға төленетін өтемақы бірнеше бөлікке бөлініп төленіп жатыр.

Еске салайық, маусым айында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу матчында ойнайды. Ұлттық құрама 9 маусымда Солтүстік Македониямен өз алаңында кездеседі. Бұған дейін Алиевтің шәкірттері 6 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Талқылау