"Алғашқы жігітім": Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен жұп болғанын мойындады
Сиви Махмуди жеке өміріне қатысты экслюзивті жаңалығын ашты. Ол бір кездері әріптесі Алмас Кішкенбаевпен қыз-жігіт болып "жүргенін" мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алмас пен Сивидің арасындағы махаббат сезімі бозбала мен бойжеткен кезеңінде басталған.
"Сенсация болсын. Алғашқы махаббатым, 15-16 жасымда жүрген бірінші жігітім Алмас Кішкенбаев. Бірінші рет айтып тұрмын. Қазір жан досым", – деп мәлімдеді Махмуди.
Актриса екеуінің арасында бала махаббат болғанын атап өтті.
"Ол 18-де, мен шамамен 15-16-да болдым. Қазір күліп еске аламыз", – деді Сиви.

Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
Astana Hub: "Бағдарлама шарттарында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсыру көзделмеген"
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды