"Мені танымай тұрсың ба?": Бағлан Әбдірайымовтың шу шығарған видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Бағлан Әбдірайымовтың күзетшілермен текетіреске түскен видеосы пайда болды. Әнші өзін танымай тұрған қызметшілерге қарсылық білдіріп, шу шығарған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеоны көрген желі қолданушылары түрлі болжам жасады. Олардың бір тобы әнші дандайсып кетті деп ойласа, екіншілері видео "хайп" жасау үшін түсірілген деп болжады. Ал шындығын Әбдірайымовтың өзі айтты.
"Бұл видеоға неше түрлі тақырып жасауға болады, жасай берсін. Ақиқатын біз өзіміз білеміз, иә?
Достар, аман-есен тизерді түсіріп алдық. Бірден үлкен киноға тәуекел жасағанша, алғашқы қадамын көрейін дедім. Қателеспеген секілдімін. Монтажы бітсе, сіздерге ұсынамын. Қолдауларыңыз от болса, толық метражды киноға бет аламыз", – деп бөлісті Әбдірайымов.
Бұған дейін әнші құмар ойын туралы фильм түсіретінін хабарлаған еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді