Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алғашқы кездесуде езбе болып көрінген": Сая Оразғалиева күйеуі жайлы

Сая Оразғалиева күйеуімен таныстығын еске алды. Айтуынша, алғашқы кездесуде жары Ілияс оған “көп сөйлейтін езбе адам” болып көрінген. Қайта кездеспейтініне сенімді болған Сая бүгінде сол жігітпен бақытты ғұмыр кешіп отырғанын айтады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Суретте – менің бұрынғы жігітім. Ал бүгінде ең керемет күйеу және әке", – деп жазды Сая Instagram-дағы парақшасында.

Актриса бұл күні сүйіктісі жайлы сөзді бекер қозғаған жоқ. Айтуынша, осыдан тура 2 жыл бұрын күйеуі екеуі жұп болуға уәделескен. 

"Әдемі дата 22.02.2022 күні бізге 2 жыл толды. Қалай таныстыңыздар деп жиі сұрайсыздар. Ол маған direct-ке хат жазды. 

Бірінші кездесуде Ілияс маған “көп сөйлейтін езбе адам” болып көрінген. Бұл алғашқы және соңғы кездесуіміз деп сенімді болдым. 



Ал бірақ бүгінде біз бақытты отбасымыз және біздің кереметтей екі ұлымыз бар. Мені бақытты етіп жүргеніңе рахмет. Сүйемін", – деп жазды Оразғалиева. 

Әуе кемесінен сурет жариялаған актриса күйеуінің ұшқыш емес екенін атап өтті. Бұған дейін Оразғалиева сүйіктісі өзіне ұсыныс айтқанда не себепті ренжулі болғанын түсіндірген еді.

Талқылау