Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатқаны туралы ақпарат тарады

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядағы зауыттардан оларды жаппай жұмыстан шығарып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @korea_komek парақшасында пайда болды.

Ақпарат бойынша, Инчхон әуежайынан қашпақ болған екі қазақстандықтың оқиғасынан кейін небәрі екі күннің ішінде 23 отандасымыз Қазақстан азаматтығына байланысты жұмыстан шығарылған.

"Резонанс тудырған әуежайдан қашу оқиғасына кореялық тараптың жауабы осылай болса керек. Өздеріңіз білесіз, бұған дейін оларға құжаттарындағы қатеге байланысты елге кіруге рұқсат бермеген болатын. Қайтар рейсті күту кезінде, олар ұшу-қону жолағына жақын жердегі биіктігі 3,5 метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен.

Түркістан облысының тумалары өз істерін мойындап, отбасын асырау үшін жұмысқа келгендерін айтты. Біреуін еліне қайтарады. Екіншісі Оңтүстік Корея түрмесінде үш ай болады. Бұл елдің заңнамасы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Тағы бір жазбада Оңтүстік Кореяның провинцияларының бірінде бір зауытта жұмыс істеген 38 қазақстандық қамауға алынды делінген.

Айта кетейік, бұл мәлімдемелер бойынша Корея мен Қазақстан билігінен әзірге ресми ақпарат жоқ.

Талқылау