Әлеуметтік желіде жәрдемақының 30 мың теңгеге өскені туралы ақпарат тарады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала кезінен мүгедектерге берілетін жәрдемақы 30 мың теңгеге ұлғайғаны туралы әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, биыл инфляция дәлізін 4-6%-тен 8-10%-ке дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақылар қосымша индексацияланады.
Жәрдемақы мөлшері президент "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген түзетулерге қол қойғаннан кейін бір-ақ өседі. Қазір заң жобасын Парламент Сенаты қарап жатыр.
Айта кетсек, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектік тобына және себебіне байланысты болады.
Мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индексацияланады. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап осы жәрдемақының мөлшері 5%-ға өсті.
Еңбек министрлігі қазақстандықтарға жалған ақпарат таратқандар заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"