Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің оппозициялық партияға қосылуға шақырғаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды "Алға Қазақстан" оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Stopfake.kz мәлеметінше, бұл хабарлама – жалған. Ақпарат qazinform24 сатиралық Instagram-парақшасынан алынған.
Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Онда тек ойдан шығарылған "жаңалықтар" ғана шығарылады.
Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған